Accessibility links

Ресейдің оңтүстігінде полиция офицері мерт болды


Ресмилердің хабарлауынша, бомба жарылысынан бір полиция қызметкері қаза тапты. Сонымен қатар Солтүстік Кавказда өткен түнде болған атыстан үш содыр мен бір сарбаз қаза болды.

Шешенстан астанасы Грозныйда дүйсенбі күні кешкісін болған бұл шабуылдан тағы алты полиция офицері жараланды. Қолдан жасалған бомба полиция көлігіне қойылған.

Көрші Дағыстанда өткен түнде полиция мен қарулы топтар арасында болған екі сағаттық қақтығыста үш содырдың көзі жойылды.

Соңғы кезде бұл аймақта жікшіл бүлікшілердің полицияға шабуылы көбейіп кетті.
XS
SM
MD
LG