Accessibility links

«Манас» әуежайында АҚШ Қорғаныс министрлігінің транзиттік тасымалдау орталығы жұмыс істей бастады


Қырғызстан астанасындағы «Манас» әуежайында АҚШ Қорғаныс министрлігінің транзиттік тасымалдау орталығы жұмыс істей бастады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 7 шілде күні Бішкектің «Манас» әуежайында Ауғанстандағы әскери операцияларды қамтамасыз ету үшін АҚШ Қорғаныс министрлігінің транзиттік тасымалдау орталығын құру туралы заңға қол қойды.

«Орталық әскери қызметкерлерді әскери іс-қимыл аумағына және кері тасу, әскери қызметкерлерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін әуе көпірін құру, сондай-ақ ұшақтардың әуеде жанармай құюы сияқты үш миссияны атқарады», — деді орталықтың бұқарамен байланыс қызметінің өкілі Рикардо Баден.

Оның айтуынша, бұл орталық бұрынғы әскери база орналасқан жерде жұмыс істеуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG