Accessibility links

Иран есірткі тасымалына қатысты үш адамды дарға асты


Хабарларға қарағанда, Иран билігі апиын және героин тасымалы үшін сотталған үш адамды дарға асты.

"Етамад" газетінің сәрсенбі күні жазуынша, өлім жазасына кесілген үш азамат сейсенбі күні Исфахан қаласының орталығындағы түрме алдында дарға асылған.

Осымен Иранда үстіміздегі жылы дарға асылған адамдар саны 180-ге жетті. 2008 жылы Иран 276 адамның өлім жазасы үкімін орындады.

Теһран өлім жазасы үкімі қоғамның қауіпсіздігін ұстап тұру үшін қажет деп айтады.
Бұл елде адам өлімі, зорлық жасау, қаруланып ұрлыққа бару, есірткі тасымалы мен зинақорлық өлім жазасымен жазаланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG