Accessibility links

Human Rights Watch: Қазақстан ақпарат еркіндігін шектейтін заңнан бас тартуы керек


Қазақстан үкіметі ақпарат еркіндігін айтарлықтай шектейтін жаңа заңның күшін жоюы керек де мәлімдеді сейсенбі күні Human Rights Watch.

Адам құқын қорғаушы бұл ұйым Қазақстанның халықаралық әріптестерін ресми Астананың аталмыш заңнан бас тартуы үшін қысым жасауға шақырды.

Қазақстан 2010 жылдың қаңтарынан бастап адам құқын қорғау негіздерін ұстанатын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалықты алмақшы.

Ақпарат және интернет еркіндігіне қатысты бұл заңға Қазақстан президенті шілденің 10-ы күні қол қойған болатын.

Қазақстан жетекшілері ЕҚЫҰ-на төрағалықты алмас бұрын елде реформалар жасауға сөз берген дейді Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Холли Картнер.

Бірақ бұл елде соңғы бірнеше айдың ішінде еркіндікке тұсау салынып отыр деген Human Rights Watch, Қазақстанның бұл заңнан бас тартуға әлі де мүмкіндігі бар деді.

Бұл жаңа заңға сәйкес, барлық вебсайттардың форумдары, блогтары мен чаттары интернет ресурстары ретінде қаралып, БАҚ-мен теңестіріліп, бірдей жауапкершілік алады.

Қазақстан парламенті бұл заңды мақұлдағаннан кейін 25-ші маусымда ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харазти Қазақстан президентін бұл заңға қол қоймауға шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG