Accessibility links

Ауғанстанда жол апатынан екі түрік әскері қаза тапты


НАТО әскерилері сейсенбі күні Ауғанстанның Фарияб қаласында болған жол апатынан альянстың екі әскері қаза болды деді. Бірақ басқа мәліметтер бермеді.

Ал Фарияб провинциясының басшысы Абдул Хақ Шафақ қаза тапқан екі әскер түркиялық екенін айтты. Ауғанстандағы НАТО күштерінің қатарында Түркияның 730 әскері бар.

Ауғанстан мен Ирақтағы шетелдік әскерлердің шығынын есепке алып жүрген вебсайтта, осы жылы Ауғанстанда қаза тапқан шетелдік күштердің саны 200-ге жетті делінді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG