Accessibility links

Құқық қорғаушы топтар: Ирандағы шерулерде 34 адам қаза тапқан


Бүгін Батыста орналасқан адам құқын қорғаушы топтар Теһрандағы шерулер кезінде қаза болғандар саны билік көрсеткеннен көбірек екенін мәлімдеді.

Ирандағы адам құқықтарына арналған халықаралық кампанияның айтуынша, маусымның 20-ы күні Теһранның үш бірдей ауруханасының мүрдеханаларына 34 шерушінің мәйіті әкелінген.

Иранның мемлекеттік теледидары бұл күні қаза тапқандар саны 10, жараланғандар 100-ден аса деген болатын.
Ал шерулерден кейінгі қақтығыстарда қаза болғандардың жалпы саны 20 делінген еді.

Бірақ өткен аптада Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебади 100 адам құрбан болған деп отыр.
XS
SM
MD
LG