Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушы Н. Естемированың мәйіті табылды


Шешенстанда көлікке басып әкетілген Ресейдің белгілі құқық қорғаушы белсендісінің мәйіті Ингушетияда табылды.

Шешенстан ішкі істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, басынан екі жарақат алған Естемированың денесі Назран қаласы маңынан табылған.

Осының алдында Ресейлік “Мемориал” құқық қорғаушы тобының басшысы Олег Орлов Наталья Естемированы Грозныйда төрт ер адам күштеп ақ түсті Лада көлігіне отырғызып әкеткен деген еді. Оның айтуынша, өтіп бара жатқандар оның "мені ұрлап барады" деп айқайлағанын естіген.
XS
SM
MD
LG