Accessibility links

Жексенбі күні Кәрім Мәсімов Кореяға бармақ


19 шілде күні Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Корея Республикасына ресми сапары басталады.

Үкімет басшысының үш күндік сапары барысында Корея Республикасының басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Сеулде жүзеге аспақ келісөздердің басты мазмұны екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мен 12-14 мамырдағы Корей Республикасының президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезіндегі қол жеткізген уағдаластықтарды нығайту мәселелерін қамтиды.
XS
SM
MD
LG