Accessibility links

Мәскеу ипподромындағы бәйгеге ТМД елдерінің кей басшылары бармайтын болды


Ресей президенті Дмитрий Медведев таяуда Қазақстан және Тәжікстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Эмомали Рахмонмен кездеспек, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұдан бұрын Дмитрий Медведевтің шақыруымен ТМД елдерінің басшылары Орталық Мәскеу ипподромының мерейтойына қатыспақ екенін хабарлағанбыз. Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон ипподромда президент жүлдесі үшін өтетін бәйгені тамашаламақ.

Бейресми кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелердің қарастырылуы жоспарланған. Ресей басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен ЕурАзЭҚ шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқыламақ.

Кремльдің хабарлауынша, бәйгені тамашалауға ТМД-ның Грузиядан басқа мемлекет басшыларының бәрі шақырылғанымен, Өзбекстан, Украина және Белоруссия президенттері келмейтін болған.
XS
SM
MD
LG