Accessibility links

АҚШ Конгресі ғимаратының алдында полиция қаруланған адамды атып тастады


Вашингтонның орталығында Америка Конгресі ғимаратынан екі кварталдай жерде полиция қаруланған адамды атып тастаған.

Полиция өкілі Ким Шнайдердің айтуынша, 35 жастағы белгісіз ер адам Конгресс аумағына кірер жердегі өткізу пунктінде көлігін тоқтатудан бас тартып, екі полицейді соққыға жыққан, одан кейін тапаншасын шығарған. Соққы алған екі полицей жеңіл жарақаттанған. Полицейлер оны атып тастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG