Accessibility links

Ғылым академиясының қараусыз қалған қоймасынан улы заттар табылды


Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматыдағы Бостандық ауданының Қожанов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге жақын жерден қараусыз қалған улы химикат қоймасы табылған.

Қоймадан табылған заттардың арасында 150 кг хлорлы калий, 150 литр сұйық у және 450 кг фундицит бар. ТЖМ-нің мәліметінше, табылған ғимарат бұрын ҚР Ғылым академиясы Өсімдіктерді қорғау институтының тәжірибелік шаруашылық қоймасы болған.

Полиция қызметкерлері улы заттар табылған жерді қоршауға алған, енді оларды көму орнын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG