Accessibility links

Екі қазақстандық жалған доллар жасаушы Америкада қолға түсті


Америкада жалған доллар жасаумен айналысқан екі қазақстандық ұсталды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовскийді полицейлер Массачусетс штатының Чатема қаласында қолға түсірген.

Жалған доллар жасаушылар өздері жалға алып отырған пәтерлерінде ұсталған, тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған.

АҚШ заңы бойынша жалған ақша жасау мен пайдалану үшін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров Әлібек Тайлақов пен Александр Кустовскийді экстрадация жасамайтындарын айтты, яғни оларға жазасын АҚШ-та өтеуге тура келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG