Accessibility links

АТФ Банк Григорий Марченконың менеджерлерге қатысты ақпаратын терістеуде


АТФ Банк Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың девальвацияның жаңа толқыны туралы қауесеттің тарауына банк менеджерлерінің қатысы бар деген ақпаратын терістеуде, — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

«2009 15 шілдесі күні бірқатар БАҚ –та Қазақстандағы бірқатар банктердің, оның ішінде АТФ Банк АҚ-ның да менеджерлері тұтынушыларға теңге девальвациясының жаңа толқыны туралы қауесет таратып, ақшаларын долларға айырбастау туралы кеңес бергені жөнінде ақпарат таратылды. АТФ Банк АҚ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми мәлімдейді», — делінген банк таратқан ақпаратта.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG