Accessibility links

Иранда құлаған ұшақтың қара жәшіктері табылды


Бүгін Иранның солтүстік-батысында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының екі қара жәшігі табылды. Бірақ соңғы ақпараттарды сақтайтын қара жәшіктер зақымданғандықтан, тергеушілер одан соңғы мәліметтерді ала алмай жатыр.

168 адамның өмірін әкеткен бұл ұшақ апаты неден болғаны әлі белгісіз қалып отыр.

Каспий әуекомпаниясының ұшағы Теһраннан Армения астанасы Ереванға бара жатқанда, әуеге көтерілген 16 минуттан кейін Қазвин қаласы маңында құлады.

Құрбан болғандардың мәйіті тергеу кеңсесіне жөнелтілді.

Құрама Штаттар қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG