Accessibility links

Пәкістанда БҰҰ Босқындар агентігінің қызметкерін өлтіріп кетті


БҰҰ мен Пәкістан ресмилері хабарлап отырғандай, бүгін Пешавардағы БҰҰ-ның Босқындар агенттігінің пәкістандық қызметкерін біреулер өлтіріп кетті. Ол босып кеткен жұртты орналастырумен айналысып жүргенде оны біреулер басып әкетпек болған. Шабуылдаушы оны ұрлап әкете алмаған соң оның кеудесінен бірнеше мәрте атып тастаған.

Бұл соңғы бес ай ішінде босқындар агентігінің қызмектерлеріне жасалған екінші шабуыл.

БҰҰ бұл агенттігі Суат жазығында Пәкістан күштері мен талибан жауынгерлері арасындағы соғыстан қорғанып, босып кеткен 2 млн пәкістандықты орналастырумен айналысып жүрген.
XS
SM
MD
LG