Accessibility links

Шекарасыз Репортерлер қазақ билігін интернет заңын қайта қарауға шақырды


Шекарасыз репортерлер ұйымы Қазақстан президентінің шілденің 13-і күні қол қойған интернетті реттеу жөніндегі заңның күшіне енгеніне өкініш білдірді.

Өйткені интернеттегі блогтар, чаттар мен басқа да вебсайттың форумдарын Қазақстанның ақпарат құралдарымен теңестіретін бұл заң ақпарат еркіндігін шектеп қана қоймай, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп алаңдайды журналистік шекарасыз репортерлер ұйымы.

Бұл жаңа заң биліктің түрлі хабар тарататын вебсайттарға тосқауыл қоюына мүмкіндік береді дейді олар.

Үкіметтің өз қарсыластарын басуына заңды тетік болатын бұл шешім Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалығына кері салдарын тигізеді деген Шекарасыз репортерлер ұйымы, блогшылардың жауапқа тартылып, интернет басылымдарының жабылуына әкелетін бұл заңды біз қайта қарауға шақырамыз деп мәлімдейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG