Accessibility links

Қырғызстанда полиция қызметкерін атып кетті


Қырғызстанның ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, Бішкекте қарулы топпен атыс кезінде бір полиция қызметкері қаза тапты. Бұл оқиға Қырғызстанда президенттік сайлауға бір апта қалғанда болып отыр.

Қарулы қақтығыс сәрсенбі күні қарулы үш адам Дордой базарының қоймасына ұрлыққа түспек болған соң басталған. Полиция офицері бұл базарды күзетіп жүрген.

Батыс елдері АҚШ әуебазасы орналасқан Қырғызстандағы жағдайды қырағы бақылап отыр.
Шілденің 23-де өтетін бұл елде президенттік сайлау өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG