Accessibility links

Батыс Қазақстаннан азамат соғысы кезіндегі артиллериялық снаряд табылды


Батыс Қазақстан облысында, Янайкино поселкесінен 8 шақырым жерде азамат соғысы кезінің артиллериялық снаряды табылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Арнаулы тексеру жұмыстары барысында табылған металл заттың азамат соғысы кезінен қалған артиллериялық снаряд екені анықталған. Оның ұзындығы 300 миллиметр, диаметрі 78 миллиметр. Снарядты ҚР ІІМ «Арлан» арнаулы бөлімі қазып алып, көзін жойған.
XS
SM
MD
LG