Accessibility links

Жалған доллар жасап ұсталған қазақстандық студенттердің туыстары АҚШ-қа баруға дайындалуда


АҚШ-та жалған ақша жасаумен ұсталған қазақстандық екі студенттің туыстары АҚШ-қа баруға дайындалуда, — деп хабарлайды «Новости-Казахстан».

«Біз визамызды рәсімдеп қойдық, бүгін-ертең АҚШ-қа ұшып кетеміз, бізге ол жаққа бару қажет. Соттан кепіл беріп босатып алу үшін ақша жинадық», — деді бір студенттің ағасы.

АҚШ-қа жаздық Work and Travel бағдарламасымен барған 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовский Массачусетс штатының Чатема қаласындағы өздері жалға алып отырған пәтерлерінде ұсталған, тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған.

АҚШ заңы бойынша жалған ақша жасау мен пайдалану үшін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Олардың ата-аналары балаларының қолға түскенін Интернеттен білгендерін айтады.

Бұған дейін ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың Әлібек Тайлақов пен Александр Кустовскийді экстрадация жасамайтындарын айтқанын хабарлағанбыз.
XS
SM
MD
LG