Accessibility links

Қырғызстанда ұсталғандардың ішінде Қазақстанның да азаматтары бар


Қырғызстан арнаулы қызметінің өкілдері маусым айында бастаған арнаулы операцияларының нәтижесінде террорлық әрекеттерге қатысы бар 18 адамды ұстады, олардың ішінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның да азаматтары бар, — деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу мәліметтерінше, терроршылармен сыбайластығы үшін тұтқындалғандар жалған құжат жасаумен, оларға үй дайындау, топтастарын азық-түлік және көлікпен қамтамасыз ету сияқты жұмыстармен айналысқан.

Ұсталғандардың бесеуі шетелдік террорлық орталықтарда арнайы дайындықтан өтсе, кейбірі Ауғанстандағы шабуылдарға қатысқан.
XS
SM
MD
LG