Accessibility links

Әкежан Қажыгелдин: Қазақ елі өз болашағын өзі жасай алады


Әкежан Қажыгелдин, қуғындағы оппозиция лидері. Страсбург, 25 сәуір 2006 жыл.
Әкежан Қажыгелдин, қуғындағы оппозиция лидері. Страсбург, 25 сәуір 2006 жыл.

Қуғындағы оппозиция жетекшісі Әкежан Қажыгелдин Азаттық радиосына берген сұхбатында «даулы» тұтқындаулар «үнсіз» тергеулерге ұласатынын, ал, сот процестері мүлдем «құпия» жүретінін атап көрсетіп, шын мәнінде, мұның бәрі жемқорлықпен күрестің сыртқы көрінісі ғана дейді.


«БИЛІК ҮШІН КҮРЕС ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА СҮЙЕНГЕН БИЗНЕС»

– Әкежан мырза, Қазақстанда не болып жатыр өзі? Дау-дамайға айналған соңғы уақыттағы тұтқындаулар Ақорданың қайсыбір нақты сценариімен іске асып жатқан сыңайлы ма, жоқ әлде мұның себебі басқада ма?

– Қатып қалған сценарий бойынша тіпті фильм түсіріп шығу да мүмкін емес екендігі белгілі. Өйткені, түсіру алаңындағы жайттар мен актерлердің қимыл-қарекеті бәрібір жүз пайыз сен ойлағандай болмайды. Сондықтан, Ақорда – ұжымдық драматург емес, ол бар болғаны «Таяу болашақтағы билік үшін күрес» деген драма ойналатын сахна ғана.

Оған қатысушы кез-келген адам жауыздың ролінде де, жапа шегушінің роліне де ойнап қалу мүмкін. Оның тірі мысалы – Рахат Әлиев, көрдіңіз бе, аңшының өзі әп-сәтте жемтікке айналып кетуі қиын емес.

Ең қуатты деген билеушінің өзі өмір ағымын бақылауында үнемі ұстай алмайды, ал, болашақты өз қалауынша белгілеп қою тіпті мүмкін емес. «Артистер» жылы-жұмсақ орынын сақтап қалу үшін күреседі. Ал, көшбасшы бүгінді қалай игеріп, кешегіні қайтіп түзеймін деумен бас қатыруға мәжбүр. Ал бұндай жағдайда оның ереуілге шыққан шахтерлер мен үлескерлердің жайын ойлауға мұршасы бола ма?

– Әкежан мырза, кілең айғай-шуға толы тұтқындаулар, министр, вице-министр, генерал, топ-менеджерлердің үстінен қозғалған тергеу істері мен жабық есік жағдайында өтіп жатқан сот процестерінің артында қандай мақсат-міндеттер тұруы мүмкін? Бұл жаппай жемқорлыққа қарсы күреске шындап кірісу ме, әлде басқа мақсаттағы науқан ба, қалай ойлайсыз?

– Дүниені дүрліктіріп тұтқындағанымен тергеуді құпияға айналдырып, жым-жырт жүргізеді. Сот процестері де құпия түрде өтеді. Бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыптаумен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді емес, құдды тура бір сутегі бомбасын қате құрастырған физик-атомшыларды соттап жатқандай.

Бір де бір тұтқындаудың ақылға қонымды қисынын және мемлекеттік негізін түсіндіру мүмкін емес. Жәкішевті ұстады да, орынына Школьникті тағайындады. Керісінше: Школьникті тұтқындап, оның орынына Жәкішевті отырғызуы да ықтимал еді. Немесе екеуін де
Жемқорлықпен күресудің бұл сықпыты бейбітшілік үшін күресте ядролық бомбалардың санын көбейту іспеттес. Сайып келгенде, бұл – билік үшін күрес пен жемқорлыққа сүйенген бизнес. Билік пен меншікті бөліске салу үшін күресте бақталас топтар заңды желеулетіп қуғындауға құқық органдарын пайдаланып отыр.
тұтқындап, орындарына Бүркітбаев пен Ахметовты тағайындай алады...

Президент Назарбаевтың біреуді жұмысқа тағайындау кезінде басшылыққа алар қағидасы ылғи да біреу: мен оны білемін, оған сенемін, ол өзін барлық қызметте көрсете білді дегенге саяды.

Жемқорлықпен күресудің бұл сықпыты бейбітшілік үшін күресте ядролық бомбалардың санын көбейту іспеттес. Сайып келгенде, бұл – билік үшін күрес пен жемқорлыққа сүйенген бизнес. Билік пен меншікті бөліске салу үшін күресте бақталас топтар заңды желеулетіп қуғындауға құқық органдарын пайдаланып отыр. Олай болмаса, неге бір заң мекемесі, мәселен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қозғаған істі екінші бір заң мекемесі – прокуратура тоқтатып тастайды? Ана мекемеде де, мынаусында да тергеушілер риясыз әрекет етіп жатыр деп айта аласыз ба?

Бұл мәселеде ешқандай «күрес бағдарламасы» көмектесе алмайды. Билікті экономикадан шеттету керек. Біздегі қалыптасқан экономкалық құрылысты капитализм деуге келмейді. Саясаттың барлық жетекші тұлғаларының бір аяғы – экономикада болса, барлық олигархтардыкі – билікте тұр. Тіпті, орта деңгейдегі шенеуніктердің өзі тәуекелге барып бизнес жасап жүрген кәсіпкерлерден бай тұрады.

Елді тығырықтан алып шығу үшін «күрес бағдарламасы» емес, жүйені реформалау қажет. Оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар және күні бұрын үркетіндей ол соншалықты күрделі де емес. Барлығының өз бастауы бар. Бастауға қайта оралып, кезінде қалыптасып кеткен алғышарттарды батыл түрде өзгерту керек. Біздің жағдайымызда алыстағы ондаған жылдарға көз жүгіртудің қажеті болмайды.

Жуырда ғана бір ірі қазақ бизнесмені үкіметтік деңгейдегі жемқорлықтың әсіресе премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезінде қатты ушығып кеткенін дәлелді түрде әңгімелеп берді. Тура сол кездері үкіметтік лауазымға ие болу үшін ақшаны ашықтан ашық сөмкелеп апару басталған.

ИДЕОЛОГИЯДАН ГӨРІ ОРТАҚ МҮДДЕ ЖАҚЫНЫРАҚ

– Әкежан мырза, Мұхтар Әбілязов қашып кеткеннен кейін кейбір интернет-сайттарда бір кездегі саяси қарсыластар Қажыгелдин - Әлиев - Әбілязов одағын құрмақ деген болжам пайда болды. Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстанда «Атамекен» партиясының жетекшісі ретінде танымал Ержан Досмұхамедов сіз, Рахат Әлиев және Мұхтар Әбілязов үшеуіңіз тоғысатын ортақ нәрсе табылды деді. Сіз сол мәлімдемені растай аласыз ба, әлде жоққа шығарасыз ба? Егер рас десеңіз, онда сіздің қандай да бір әрекет ету жоспарыңыз, әлдебір стратегияңыз бар ма?

– Ержан Досмұхамедов тәрізді ірі қоғам қайраткерінің мәлімдемесін жоққа шығаруға да, растауға да тырыспаймын. Оның тым ұшқыр ойына ілесу қиынға соғар.

Одан да нақты нәрселер туралы айтайық. Иранды алайықшы: президент Ахмадинежадтың билікті толық иемдену әрекетіне деген наразылық студенттік қозғалыстардың белсенділерін, аятолла жетекшілерін, зияткерлерді және орта бизнесті біріктірді. Сол мүдделер одағы билікті толық иемдену қаупі жойылған сәтте-ақ тарап кетеді. Ал, әзірше ол одақтың тиімділігі жоғары болып тұр.

Тура сол сияқты кезінде Польшада да «Солидарность» қозғалысы либералды зиялыларға католик шіркеуі одақтас болды. Демократия жеңіске жеткен соң олардың екеуі де өз жөнімен кетті.

Ортақ мүдде ортақ әрекетке тұғыр болады және жай идеологиялық біркелкіліктен гөрі анағұрлым сенімді ынтымақтастыққа кепіл болады. Ал Қазақстандағы екі коммунистік партия «антихалықтық режимге» қарсы күрестен гөрі, бірімен бірі күресте қатты қауқар танытып келеді.

«2009 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ МАМЫР МЕНІ ЖАСЫТА АЛҒАН ЖОҚ»

– Әкежан мырза, барлық оппозициялық партияларды, соның ішінде Әлихан Бәйменовтің «Ақ жол» партиясын бірігуге, ал, халықты 1 мамырда «ынтымақтастық шарасына» шығуға шақырғаныңызды бүгінде өзіңіз қалай бағалайсыз, мүмкін, қандай да бір қорытынды жасарсыз? Халықтың басым көпшілігі сіздің үндеуіңізге қолдау танытпады ғой.

– Егер анығын айтатын болсам, онда мен Қазақстанның халқына емес, оппозицияның жеке-жеке жетекшілеріне үндеу жариялаған едім, олар: Серікболсын Әбділдин (Коммунистік партия), Жармахан Тұяқбай (ОСДП), Болат Әбілов («Азат»), Әлихан Бәйменов («Ақ жол»), Ғани Қасымов (Патриоттар партиясы), Асылбек Қожахметов («Шаңырақ»), Владимир Козлов («Алға»).

Мен оларға хат жібердім, жалпыұлттық ынтымақтастық акциясын өткізуге шақырдым. Бірақ, олар маңызды ешнәрсе жасай алмады. Не олар жасқанды, не өз күштеріне сенбеді, немесе мереке күні өз саяжайларына демалуға кетті.
Көптеген жылдардан бері алғаш рет 1 мамыр күнінде жер-жерде жаппай мерекелік шаралар өткізілді. Оның таңертеңгі сағат онда басталғаны кездейсоқтық емес.Менің үндеуімді білетін жұрт мерекелік шараларға шығуын шыққанымен, іштерінен билікке «атаңның басы» деді. Ал ондай наразы жұрт қаншама – шамаңыз жетсе санап алыңыз!


Есесіне ұсынысым билікке қатты әсер етті. Көптеген жылдардан бері алғаш рет 1 мамыр күнінде жер-жерде жаппай мерекелік шаралар өткізілді. Оның таңертеңгі сағат онда басталғаны кездейсоқтық емес.Менің үндеуімді білетін жұрт мерекелік шараларға шығуын шыққанымен, іштерінен билікке «атаңның басы» деді. Ал ондай наразы жұрт қаншама – шамаңыз жетсе санап алыңыз!

2009 жылдың 1 мамырында ұтысқа жеткендер – мен және Қазақстан президентінің әкімшілігі. Ал, көре алмастықтан шараны қолдамаған оппозициялық саясаткерлердің халықтың саяси белсенді бөлігінің алдында беделі түсіп қалды.

Бұл турасында 1 мамырдан кейін-ақ мен Болат Әбіловпен және Мұхтар Әбілязовпен сөйлестім. Меніңше, әрбір саяси ұйым халық арасындағы танымалдылығын тексеріп отыру керек. Мұны Батыста риэлити-чек дейді. Сондай қажетті сәтте үкіметтік емес саяси ұйымдарды өз жағына тарта білу керек, мәселен, белгілі бір мүддені қорғау үшін құрылған ұйымдар, кәсіподақтар, алданған үлескерлер мен салымшылар, жапа шеккен ата-аналар одақтары, т.б. бар.

Түптеп келгенде мен оппозицияның кез-келген түрде, әсіресе, үлкен көлемде бірігуін және билікке өз талаптарын қоя білуін жақтаймын. Сондықтан, 2009 жылдың 1 мамыры мені жасытқан жоқ. Мен әлі де айтамын, Қазақстанға тағы бір-екі жалпыұлттық, соның ішінде қазіргі оппозициялық партиялардың бір ұйымға бірігуінен құралған болса да партия қажет. Бірақ олар «Нұр Отан» мен СОКП-ға ұқсамауы керек.

Қазіргі оппозициялық бірлестіктер өздерін партия деп атағанымен, әлі партия деңгейіне жеткен жоқ. Оған жетекшілер кінәлі емес. Оның себебі – Қазақстанда саяси процестің жоқтығында. Спортқа теңейтін болсақ, футбол командалары бар да, бірақ, олардың арасында ойын өткізуге тыйым салынғандай деп елестетіп көріңізші. Ең мықты команда ретінде «Нұр-Қайрат» танылып, жыл сайын үш орынды да, Федерация Кубогін де сол иемденеді.

Бүгінде партияның сандық құрамы бәлендей маңызды мәселе емес. Тек қоғамның көңіл-күйіне ықпал ете алса және қажет кезде керек мақсатқа халықты жинай алса – ең маңыздысы сол болмақ.

Осы тұрғыдан қарап, неліктен менің «Ақ жол» партиясымен қоса Әлихан Бәйменовке де қарата сөйлейтінімді түсіну қажет. Ол ахуалды сезіне алады және сайлау науқаны кезінде өз ролін ойнай алады.

«ӨКІЛ ҚАЙЫН АТАНЫ» – ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАҒА ҚОЮ КЕРЕК

– Әкежан мырза, Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын қалай бағалайсыз?

– Қазақстан жөнінен бір сарапшы ол кітап үш құрамдас бөліктен: деректен, жартылай шындықтан және өтіріктен құралған деген еді. Деректер президент пен оның жақын-жуықтарына қатысты, Рахат Әлиевте кітаптағы әрбір деректі растайтын құжаттар топтамасы бар секілді және оларды батыстың сотына беруге ол дайын, тіпті, құлшынып отыр. Жартылай шындық оның туыстарына қатысты. Ал, өзі туралы жазғандарының бәрі – өтірік.

Өтірікке баға берудің ешқандай маңызы жоқ, жартылай шындық – қызық емес. Ал, деректер қоғам тарапынан талқыға салынып,
Рахат Әлиевтің кітабын оның бұрынғы қайын атасына қарсы айыптауларға куәгер болуға деген шынайы ниеті деп білу керек – мейлі, ол «тарих соты» болсын, мейлі, ол Қазақстандағы биліктік жемқорлыққа қатысты нақты процесс болсын.
бағалануға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, кітап пайдалы және жоқ дегенде Қазақстанның Ұлттық кітапханасына қойылуы керек. Оны бүркемелеу жөн емес.

Аутор жағымсыз адам болса бола берсін – ол маңызды емес. Мәселен, Мартин Борман немесе Генрих Гиммлер естелік жазды делік, онда олар, сөз жоқ, өздерінің адам шошырлық істерін барынша жасырар еді. Бірақ, ондағы құнды деректер, биліктегі нацистер тобы туралы шындық неміс халқы үшін маңызды болмайды дейсіз бе?

Рахат Әлиевтің кітабын оның бұрынғы қайын атасына қарсы айыптауларға куәгер болуға деген шынайы ниеті деп білу керек – мейлі, ол «тарих соты» болсын, мейлі, ол Қазақстандағы биліктік жемқорлыққа қатысты нақты процесс болсын.

«МИНИСТРЛЕРДІҢ ЖАРЫМЕСТІГІН МОЙЫНДАҒАН ЖӨН»

– Сіз БТА банктың күштеп тартып алынғаны және Мұхтар Әблязовтың қудалауға түскені туралы айтылып жүрген жалпы пікірлерге және, соның артынша «Қазатомпромның» қазір енді экс-президенті атанған Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуына байланысты не айтар едіңіз?

– БТА банк басшыларының әрекеттеріне баға беруден аулақпын, өйткені, банктың қызметі туралы толыққанды шынайы ақпарат жоқ. Банк балансы жарияланбай тұрып, не айтуға болады?

Белгілісі сол – БТА банк қаржылай қиын жағдайға тап болған. Ол үшін директорлар кеңесінің мүшелері де, топ-менеджерлер де жауапкершілік көтеруі тиіс деп білемін. Олармен бірге жауапкершілік жүгі Қазақстанның реттеуші органдарына және акционерлерге түседі. Аналарға да, мыналарға да банк басшылығының саясаты қолайлы болған.

БТА – дағдарыстан жапа шеккен жалғыз ғана қазақстандық банк емес. Әлем бойынша да ол сияқтылар жетіп жатыр. Бірақ, ол банкті дағдарыстан шығаруда үкіметтің қолданған әрекеті теңдесі жоқ қателік болды.

Банктың қиындықтарын үкімет еселеп көбейтіп жіберді де, іле-шала мемлекеттің иығына арта салды. Министрлер кабинетінің мүшелерін «халық жауы» деуге ауыз бармайды, ал, олай демесек, онда оларды жарымес деген жөн.

Өкінішке қарай, Қазақстанда саясатты жүргізгенде ақылға сүйенбей, сезімге беріледі. Мұхтар Әблязовтың билікке адалдығына күдік туып еді – банкті тартып алды, Мұхтар Жәкішев оның досы деген сезік туып еді – «Қазатомпромның» барлық келісім-шарттарына «уранды ұрлаудың жолдары» деп айдар тақты.

Сол келісім-шарттардың бірі – француз концерні ARIVA-мен жасасқан шартқа өткен жылы Мұхтар Жәкішев Парижде Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қол қойған. Екінші бір шарт президент Назарбаевтың канадалық кәсіпкер Джустрамен Астанада болған кездесуінен кейін жасалған. Ол да уранды ұрлау жолдары ма? Онда, кімнің ұры болғаны?

Осындай айыптарды тағу үшін Астанадағылардың ең ақымақ тәтелерді таңдап алатыны тегін емес. Ойлап көріңіз, елдегі уран ошағын қалай ұрлап кетуге болады? Егер де келісім-шарттар қате жасалған болса, сотқа шағымданыңыз, толық төленбеген соманы өндіріп алыңыз.

Жоқ, өйтпейді, Жәкішевтің барлық орынбасарларын тұтқынға алады да, өздері тағы «Қазатомпромның» барлық жасасқан келісім-шарттарын мойындаймыз дейді. Бұл деген абсурд театры.

«МИРТЧЕВТІҢ ТҰЛҒАСЫН ТЫМ ӘСІРЕЛЕУДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ»

– Рахат Әлиевтің кітабында «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттің барлық құнды активтерін жинап алып, Сингапур, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларына сату үшін құрылған делінеді. Кітап сөзі әлгі инвесторлардың артында шын мәнінде Назарбаевтың өзі тұр дейді. Мұндай жоспарды жасаған Назарбаевты айналдырушы лоббист Александр Миртчев делінеді. Яғни, президенттің бұрынғы күйеу баласының өзі Назарбаев бүкіл елді біржола жекешелендіріп алуға кірісті деген пікірде. Мұндайдың да болуы мүмкін бе, Әкежан мырза? Егер шынымен де Назарбаевтың ондай мақсаты бар болса, ол оның Қазақстанды хандыққа айналдырып, билікті ұлына тапсыру жоспарына жақындайтын секілді, сіз қалай қарайсыз?

– Қазақстанның бүкіл мүлік кешенін әлдебір сырт адамдарға сату – теориялық жағынан әбден ықтимал. Мұндай нәрсе бұрын жасалған да, және ондай мәмілеге Рахат Әлиевтің өзі де қатысқан. «Маңғыстаумұнайгаздың» 40 пайызының индонезиялық «Централ Эйша петролиум» дейтін әлдебір компанияға сатылып кеткенін еске түсіріңізші.

Басында компанияның артында Индонезияның сол кездегі президенті Сухартоның отбасы тұр деп барынша сендіруге тырысты. Уақыт өте келе ол емес, мүлдем басқа президенттің отбасының қатысы бары белгілі болды. Акциялардың ширек бөлігін Рахат Мұхтарұлы мен Дариға Нұрсұлтанқызы иемденді. Қазір енді ажырасуға байланысты сол акциялар бойынша құқықтық тартыс жүріп жатқан көрінеді.

Ал, Александр Миртчев пен Қазақстанның байлығын шетелдіктерге сатып жіберу қаупіне келер болсақ, отандастарымның уайымдамағаны жөн. Қазақстан жер-жаһанның бір бөлшегі болып табылады, оның қай активінің қайда, қаншаға кеткенін анықтау аса қиынға соқпайды. Әсіресе егер оның ізіне мемлекет түсетін болса. Бұл істе батыстың үкіметтері мен халықаралық институттар бізге көмектеседі.

Александр Миртчев пен оның қазақстандық қамқоршылары қатысқан схемалар ендігі бүкіл әлемге белгілі болды. Тағдырдың тәлкегін қараңызшы, іздеу салу және кінәлілерді жазаға тартумен тағы да сол Нью-Йорктің Оңтүстік федералдық округіндегі америкалық прокурорлардың айналысуына тура келеді.

Ол процесте Рахат Әлиевтің өз басы маңызды роль ойнайтын болады. Кезінде ол Александр Миртчевті өзі тауып алып, «Казахгейт» ісін доғарту үмітімен жұмысқа тартқан болатын, оны Қанат Саудабаев пен Кәрім Мәсімов алмастырғанға дейін шаруаны өзі бақылады.

Дегенмен, Миртчевтің тұлғасын тым әсірелеудің де қажеті жоқ. Бәлкім, бұл сөзім Рахат Мұхтарұлының көңіліне келер, әйтсе де, бірнеше жыл бұрын Вашингтонда оған ықпалды лоббист емес, орысша жақсы сөйлеп, не айту керектігін білетін қасиетімен бұрынғы ССРО елдерінен келген клиенттердің сеніміне кіретін бір пысықай болгарлық эмигрант кезіккен. Американың нағыз адвокаттары ешқашан клиент қалаған нәрсенің бәрін уәде етпейді. Ал, көзбояушылар тура сөйтеді.

Александр Миртчев «Казахгейт» ісін жабуға уәде еткен. Ол іс шынымен де ұзаққа созыла бастаған еді. Бірақ, оның себебі әлгі істің жанына да жуымаған Миртчевтің арқасында емес, ең дарынды америкалық адвокаттардың бірі Уильям Шварцтың арқасында бұл іс ұзаққа созылды.

Джеймс Гиффенді қорғау үшін ол құрған айлалы стратегия Орталық барлау басқармасы мен Мемлекеттік департаменттен бірнеше құпия құжаттарды ашуды талап етті. Ол құжаттарды ашудан арнаулы қызметтер көпке дейін бас тартып келгенімен, ақыр соңында соттың
Миртчевтің ұсынған «Суперхан» бағдарламасы – бұл маңызды құжатқа жасалған пародия. Сараптама көрсеткендей, оны кезінде «Асар» партиясын бұқараға кеңінен танытуға атсалысып, тапсырыспен түрлі жариялымдар шығарумен айналысқан мәскеулік жарнамашылар жазып берген.
талабын орындап, барлық құпия құжаттарды жайып салуға мәжбүр болды. Енді іс жария түрде тыңдалмақ. Уильям Шварцтың енді ойлап табар өзге амалы қалмады.

Айтпақшы, Джеймс Гиффенді ұстау және сотқа тартуға қатысты істі жуырда ғана америкалық қаржы алаяғы Медофты 150 жылға соттаған судья Денни Чин қараған болатын.

Кейде баспасөз Джеймс Гиффен мен Александр Васильевич Миртчевті салыстырып жатады. Ол екеуі екі түрлі ауқымның адамдары. Гиффен расында да ықпалды адам болған. ССРО-мен бизнес жасауда жинаған өзінің көп жылдық тәжірбиесіне қарай ол ең үлкен америкалық кабинеттердің есігін еркін ашатын.

Оның бірінші әйелі өте ықпалды отбасынан шыққан еді. Сондықтан, Гиффен шынымен де мемлекеттік хатшылармен таныс-тын және олар да бұны білетін.

Миртчев болса – Болгариядан келген бұрынғы комсомол белсендісі, тәжірбиесі де жоқ, байланысы да жоқ эмигрант. Әлбетте, болгар үкіметіне оның еш қажеті жоқ. Есесіне, қазақ үкіметі Рахат Әлиевтің мәліметтері бойынша, Миртчевке төрт жылдың ішінде кем дегенде 40 миллион доллар төлеген.

Мен Миртчевтің «Глобал опшинз менеджмент» деген компаниясын 2008 жылы-ақ зерттей бастағанмын. Сол кездің өзінде-ақ құпия сараптама деп Астанаға жөнелтіп жатқан қып-қызыл өтіріктері мені түңілдірген.

Күрделі транзакциялар жайын Рахат Әлиевтен сұраған жөн. Бірақ, Америка данагөйлерінен туылған ой жемістері деп Александр Миртчевтің президент Назарбаевқа жолдап отырған бағдарламалық қағаздары күлкі туғызады.

Есіңізде шығар, Гиффеннің бастамасымен және ұйымдастыруымен жазылған «2030» бағдарламасы көреген мақсаттар мен жаһандық ойларға толы болды. Бірақ, олардың шынайы өмірмен еш байланысы жоқ екенін уақыт көрсетті. Жарайды, болды да қалды.

Ал Миртчевтің ұсынған «Суперхан» бағдарламасы – бұл маңызды құжатқа жасалған пародия. Сараптама көрсеткендей, оны кезінде «Асар» партиясын бұқараға кеңінен танытуға атсалысып, тапсырыспен түрлі жариялымдар шығарумен айналысқан мәскеулік жарнамашылар жазып берген.

Президент Назарбаев ондай мағынасыз сөзден тұратын мәтінді шын көріп қабылдайды деп ойламаймын. Ол реалист, шындықты өз насихатынан ажырата біледі деп үміттенем. Миртчев пен Мәсімов кеткенде әлгіндей «құпия бағдарлама» да жоқ болады.

Шетелдік алаяқтардың біздегі биік орындардың есігінен еркін аттай алатын дәрежеге жетуінің себебі – біздегі биліктің ішінде өз алаяқтары жетіп-артылады. Біз, қазақтар, білім, біліктілік жөнінен ешкімнен кем де, кенде де емеспіз. Америка, болгар халқынан үйренетін нәрселеріміз бар. Тек Миртчевтен немесе Гиффеннен емес. Қазақ елі бөтеннің айтуынсыз-ақ өз болашағын өзі жасай алады да, жасауға міндетті де. Өз зияткерлерімізді бағалайтын және оларға лайықты ақы төлейтін уақыт жетті.

«Суперхан» жобасының нұсқасы жария болған кезде ол сайқымазақ әңгіме болып қана қалады. Біздің жаңа тарихымызда жылататын ғана емес, сонымен қатар күлдіретін тұстарының болғанына да шүкір.

ИНТЕРНЕТТІҢ БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕЙ АЛМАЙСЫҢ, АЛ, МЕМЛЕКЕТТІҢ БҰЛ ӘРЕКЕТІ ҰЯТ

– Әкежан мырза, сөз соңында Қазақстандағы ең соңғы саяси оқиға – интернет бостандығын шектейтін заңға президент Назарбаевтың қол қоюына байланысты сұрақ қойсам деп едім. Халықаралық демократиялық ұйымдар ә дегенде-ақ ол идеяны сынға алған болатын. Алайда, Батыстың үндеулері іске ұласа алмады.

– Мен ол бейдемократиялық және қуғындаушы заңның тақырыбынан сәл бұрылғым келіп тұр. Өйткені ол туралы барлық деңгейде жеткілікті түрде айтылды. ЕҚЫҰ мен Еуропалық Одақ толық құрамда президент Назарбаевтан ақылға келуді өтінді. Одан да бұл мәселеге мемлекеттік басқару мәдениетінің тұрғысынан қарап көрелік.

Елдегі заң актілерін даярлау жүйесінің өзі әркімнің өз ойына келгенін істейтін бетімен кетушілікке ұласқан. Заңдар кімдердің бастамасымен дүниеге келуде, оларды кімдер жазады? Сол заң арқылы өз өмірін жеңілдеткісі келетіндер жазуда. Ешқандай тәуелсіз және білікті мамандардың сараптамасы жоқ. Әрине, егер жерлеу туралы заңды қабір қазушыларға жаздырса, ал, бала туу туралы заңды акушерлерге жаздырса, онда, Қазақстанда не бала тууға, не өлуге болмайтын болады.

Елді шулатқан бұл заң тек кертартпалығымен ғана емес, сонымен бірге оғаштығымен танылып, ауторларының ақымақтығын көрсетіп отыр. Енді кез-келген интернет-сайт қазақ билігінің көзімен қарағанда БАҚ болып саналады, тіркеуден өтуге міндетті болды. Қайсыбір
Ирандағы мемлекеттік қуғындау аппараты Қазақстандағыдан әлдеқайда қуатты. Бірақ, жүздеген мың немесе миллиондаған оппозиционерлер бұрынғысынша ғаламторды пайдаланып отыр. Қазақстанның бостандық сүйгіш азаматтары да амалын тауып алады. Ал, мемлекеттің бұл әрекеті – адам ұяларлық.
интернет-дүкеннің сайтындағы сатып алушылар пікір білдіретін форум да, осы заңның қисық түсінігі бойынша, енді электронды БАҚ қатарына жатады.

Бұл заң блогтарды да БАҚ қатарына жатқызды. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибэндтің блогы бар. Министрдің демократияға шақыруы әлдебір Мадиновқа өзінің латифундистік намысын қорлағандай көрінетін болса, ол сол сәтте Бостандық сотына жүгіріп бару мүмкін. Сот министрдің блогына тыйым салады да, «Қазақтелеком» оған тосқауыл орнатып жауып тастайды. Ал сонда Ұлыбритания не істеуі керек? «Қазақтелекомның» спутниктерін атып түсіре ме? Олар өзінен-өзі-ақ құлап жатыр.

Ал әлгі заң бойынша аудандық қазақ соты әп-сәтте Гаага трибуналы ұқсап, құдды бір халықаралық сот төрелігінің орталығына айналады. Түкке түсінсем бұйырмасын, сонда олар сот үкімі бойынша орындаушылық қағаздарды әлемге таратпақшы ма, әлде сот приставтарын жөнелтпекші ме?

Заңның ауторлары мен бастамашыларының ойында дым жоқ, ол анық. Олардың Милибэндте шаруалары жоқ, есесіне, мәселен zonakz.net веб-сайтының редакторы Юрий Мизиновтің үстінен (жөні келсе – қылмыстық) іс қозғағысы келеді. Азаттық радиосына да ойлану керек, оның журналистерін де қудалау күтіп тұрған жоқ па екен?

Бірақ, өмір кез келген өлексенің бөгетінен жарып шығады. Әлі есімде, осыдан біраз жыл бұрын алғашқы «Евразия» ақпараттық сайты «Қазақтелеком» арқылы ашылмайтын. Тек шетелдік өкілдіктегілер және президент әкімшілігіндегілер ғана сайтқа еркін ене алатын. Ол кезде прокси-серверлерді пайдалану қиын болатын.

Әйткенмен оның да амалы табылды: қарапайым қазақстандықтардың электронды пошта адрестеріне жазылу бойынша күн сайын мыңдаған ақпарат жөнелтіліп отырды. Сосын, көп ұзамай жұрт сайтқа қойылған тосқауылды айналып өтуді де үйреніп алды.

Ақпараттық технологиялар әрбір жарты жыл сайын жаңа деңгейге секіріп үздіксіз дамып отырады. Интернетке ноқта кигізуге тырысатындар бәрібір оны қуып жете алмайды. Ирандағы мемлекеттік қуғындау аппараты Қазақстандағыдан әлдеқайда қуатты. Бірақ, жүздеген мың немесе миллиондаған оппозиционерлер бұрынғысынша ғаламторды пайдаланып отыр. Қазақстанның бостандық сүйгіш азаматтары да амалын тауып алады. Ал, мемлекеттің бұл әрекеті – адам ұяларлық.

– Әкежан мырза, сұхбатыңыз үшін рахмет!
XS
SM
MD
LG