Accessibility links

Иран оппозициясы жұма намазда бірлігін танытпақшы


Иран оппозициясы жұма намазында мықты бірлігін көрсетуді жоспарлап отыр. Оппозициялық саясаткерлерді ықпалды діндар Акбар Хашеми Рафсанжани бастап шықпақшы.

Теһрандағы жұма намазына жиналғандар алдына оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусави шығады деп күтіліп отыр. Бұл оның маусым айындағы президенттік сайлау қортындысына наразылық шерулерінен кейінгі көрінуі.

Президенттік сайлауға түскен Мусави мен оның қолдаушылары сайлау қортындысы бұрмаланды деп келеді.

Президенттік сайлаудан жеңіліс тапқан тағы бір кандидат Мехди Каруби де бүгінгі жиынға қатысады деп хабарланды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG