Accessibility links

Қ. Бакиев: Қырғызстанда Ресейдің екінші базасы болмайды


Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Ресей терроризмге қарсы орталық ретінде Қырғызстанда екінші базасын салмақшы деген ақпаратты жоққа шығарды.

Өткен аптада үкіметтік өкілдерінің бірі Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында Ош қаласының оңтүстігінде екінші база орнатуы мүмкін деген.

Ресей мен бұрынғы советтік алты елдің тобынан құралған қауіпсіздік ұйымын Мәскеу НАТО-мен тең ретінде жарнамалап келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG