Accessibility links

Иранның экс-президенті Рафсанжани халық алдында сөйледі


Иранның бұрынғы президенті әрі ықпалды діни қайраткер Акбар Хашеми Рафсанжани Теһрандағы жұма намазға жиналғандар алдында сөз сөйлеп, өткен айдағы президенттік сайлаудың қортындысына Иранның үлкен тобы күмәнмен қарап отыр, бұл жағдайды реттеу үшін бірнәрсе жасалуы керек деді.

Теһран университетінде сөйлеген Рафсанжани елдегі саяси дағдарысты шешу үшін қамауға алынған жүздеген ирандық босатылуы керек деп айтты.

Мыңдаған оппозиция қолдаушылары басты исламдық мекемінің жанына жиналып, Рафсанжанимен бірліктерін танытуға тырысты. Полиция жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газбен сойылдарды қолданды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG