Accessibility links

Армения мен Әзірбайжан Таулы-Қарабах келіссөздерін өткізуде


Мәскеуде кездесіп жатқан Армения мен Әзірбайжан президенттері даулы аймақ Таулы-Қарабах мәселесін талқылауда.
Серж Саркисян мен Ильхам Әлиев арасындағы келіссөздерге Ресей президенті Дмитрий Медведев арағайындық жасады.

Әзірбайжанның бөлініп қалған жікшіл аймағы Таулы-Қарабахта этникалық армяндар басым тұрады.
Бұл аймақ Әзірбайжаннан 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен.

Осы аптаның ортасында президент Әлиев өз елі Таулы-Қарабахқа үлкен автономия беруге дайындығын, бірақ тәуелсіздікке жол берілмейтінін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG