Accessibility links

Иран басылымы экс-президент Рафсанжаниді айыптады


Ирандағы Кайхан басылымының сенбілік санында газеттің бас сарашысы Хоссейн Шариатмадари бұрынғы президент Акбар Хашеми Рафсанжаниді жұма күнгі сөзінде заңбұзушыларға қолдау танытты деп сынады.

Шариатмадари Рафсанжаниді ел дағдарыста отырғанда айтқандары үшін сөгіп, бұрынғы президент байқап сөйлеуі керек деді.
Газеттің редакторы экс-президентті маусымның 12-дегі президенттік сайлау қортындысына күдік келтіретін әрбір мүмкіндікті пайдаланды деп айыптады.

Жұма күні бұрынғы президент Рафсанжани президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайланғанын сынап, президенттік сайлаудағы дауыс берулер нәтижесіне күмән келтірген еді.
XS
SM
MD
LG