Accessibility links

Гаага соты Сербияны Младич пен Хаджичті ұстап беруге шақырды


БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөннідегі трибуналының президенті Сербиядан іздеудегі қалған екі адамды тауып беруді сұрады.

Сенбі күні Гаага сотының басшысы Патрик Робинсон Ратко Младич пен Горан Хаджичті Сербия ұстап бермесе, бұл Балқан елі мен халықаралық соттың арасындағы байланыстарға кері салдарын тигізеді деді.

Робинсон Сербияның соғыс қылмыстары сотын бағалау үшін бұл елге өзінің бірінші сапарымен барған.

Босния соғысы кезінде қолбасшы болған Младич пен бұрынғы хорватиялық-серб көтерілісшілерінің жетекшісі Хаджичке халықаралық трибунал іздеу жариялаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG