Accessibility links

Беларусь бизнесменіне терроризм айыбы тағылды


Беларустік бизнесмен әрі белсенді Микалай Аутуховичке террорлық актіні жоспарлаған деген айып тағылды.
Елдің тарихында сот жүйесі бірінші рет терроризмге қатысты қылмыстық істі ашып отыр.

Елдің батысындағы Ваукависк қаласының жергілікті өкілін орнынан кетірмек болып, астыртын әрекет жасады деген айып тағылған Аутухович осының алдында салық төлеуден жалтарды деген айып бойынша 2,5 жыл түрмеде отырып, АҚШ пен Еуропа Одағының қысымымен босатылған еді.

Кейін оны қайтадан ақпан айында кәсіпкерлік қозғалыстың екі белсендісімен бірге өрт қоймақ болды деген күдікпен қамауға алған.
XS
SM
MD
LG