Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Үндістанда сапармен жүр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Үндістанды Вашингтонмен бірге Пәкістанның терроризмге қарсы күресіне қолдау танытуға шақырды.

Мумбайға 5 күндік сапарын бастаған Клинтонның мақсаты - Құрама Штаттар мен Үндістан арасындағы байланыстарды жақсартып, АҚШ президенті Барак Обаманың Үндістан бойынша міндеттемелеріне қатысты күмәнді сейілту болып отыр.

Өзінің Мумбайға сапарының алғашқы күнінде Хиллари Клинтон бизнес өкілдерімен, білім саласының мамандары және әйелдер тобымен кездесіп, өткен жылы исламшыл жауынгерлердің қаладағы террорлық шабуылынан 166 кісі қаза тапқан жерге барып, тағзым етпекші.

Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы ел астанасы Нью-Делиге барып, Үндістан премьер-министрі Манмохан Синг және сыртқы істер министрі Кришнамен келіссөздер өткізеді.

Одан кейін Тайландта өтетін оңтүстік-шығыс азиялық елдер келіссөздеріне АҚШ делегациясын бастап барады.
XS
SM
MD
LG