Accessibility links

Жакартадағы жарылыстан 4 шетелдік қаза тапты


Индонезия астанасы Жакарта қонақ үйлерінде орын алған жанкештілік шабуылдан екі жанкештімен қоса сегіз адам қаза болды.

Мариот және Ритц Карлтон қонақ үйлерінде жұма күні екі бердей бомба жарылысы орын алған.

Индонезия денсаулық сақтау министрлігінің дағдарыс орталығы жарылыста қаза тапқан бес адамның кімдер екенін анықтаған. Олардың айтуынша, құрбандардың бірі жаңазеландиялық, екеуі Австралиядан, бір адам Сингапурдан болса, тағы бірі индонезиялық екен.

АҚШ президенті Барак Обама бұл шабуылдарды қатыгездік деп айыптаса, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ел үкіметі жауаптылардың әділ жазасын беретініне сенім артып отыр.
XS
SM
MD
LG