Accessibility links

Байден АҚШ қолдауын таныту үшін Украина, Грузияға бет алды


Жексенбі күні Құрама Штаттардың вице-президенті Джо Байден Украина мен Грузияға АҚШ-тың қолдауын таныту үшін шықты.

Байденның бұл екі елге сапары АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы жақсара бастағаннан кейін Украина мен Грузия өздерінің Америкамен байланысы қалай болады деп алаңдаушылық танытып отырған тұста болып отыр.

АҚШ вице-президенті Ресеймен араздасып, НАТО-ға мүше болу үміті бар бұрынғы советтік екі елдің егемендігіне Американың ерекше қолдауын білдірмекші.

Байденнің өкілі Мәскеудің қарсылығына қарамастан, Грузия мен Украинаға НАТО-ның есігі ашық болады деп айтты.
XS
SM
MD
LG