Accessibility links

Индонезия қонақ үйлерге шабуылдың артында кім тұрғанын анықтады


Бүгін Индонезия полициясы өткен аптада Жакарта қонақ үйлеріне болған жанкештілік шабуылдардың артында тұрған екі адамның бірін анықтады, бірақ оның кім екенін жарияламай отыр.

Полиция өкілінің айтуынша, екінші жанкештінің мәйіті әлі тексеріліп жатыр. Және ұлттық полиция жанпиадашылардың әл-Қаидамен байланысты аймақтық Жемаа Исламия террорлық ұйымының мүшесі екенін хабарлады.

Индонезия астанасындағы Мариот және Ритц Карлтон қонақ үйлеріне жасалған шабуылдан жанкештілермен қоса 8 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG