Accessibility links

Алматыда ұйғырлардың митингі өтті


Жексенбі күні Алматыдағы Республика сарайында мыңдаған ұйғыр митинг өткізді. Олар 5-ші шілдеде Шыңжаң Ұйғыр автономиясының астанасы Үрімжідегі ұйғырлар мен жергілікті қытайлар арасында орын алған қақтығыстан 180-нен аса адам қаза тауып, соңы жүздеген адамның қамалуына әкелген оқиғаларға наразылық танытты.

Бастарына орамал салған әйелдер қолдарына Ұйғырлар тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі жарты айдың суреті бар көгілдір туларын ұстап шыққан. Олар бір минут үнсіздік жариялап, Қытайда құрбан болған ұйғырларды еске алды.

Қазақстандағы ұйғырлар қауымдастығының 5 мыңға жуық адамы қатысқан бұл митингте Үрімжідегі қайғылы оқиға мен ұйғыр ұлтын жаппай қамауларға қатысты бейтарап әрі тәуелсіз зерттеу жүргізуді сұрап әлемдік қауымдастыққа, халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдарға қайрылған үндеу қабылданды.

Қытайдағы ұйғырларға қолдау таныту жиыны осыған дейін Сарыарқа кинотеатрының жанында өтеді деп хабарланған. Ұйымдастырушылар митингтің орнын ауыстыру шешімі Қытайдан арандатушылық жасайтын адамдар келді деген хабардан кейін алдын-ала сақтану мақсатында соңғы сәтте өзгертілді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG