Accessibility links

Мәскеуде Таулы-Қарабах келіссөздері өтті


Сенбі күні Мәскеуде Армения мен Әзірбайжан президенттері кездесіп, даулы аймақтары Таулы-Қарабах келіссөздерін жалғастырды.

Серж Саркисян мен Ильхам Әлиев арасындағы келіссөздерге Ресей президенті Дмитрий Медведев арағайындық жасады.

Президент Медведевтің көмекшісі Сергей Приходко Интерфакс агенттігіне айтқанында, келіссөздер біздің бағалауымызша өте құрылымды түрде жалғасып жатыр деп айтқан.

Әзірбайжанның бөлініп қалған жікшіл аймағы Таулы-Қарабахта этникалық армяндар басым тұрады.
Бұл аймақ Әзірбайжаннан 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен.

Осы аптаның ортасында президент Әлиев өз елі Таулы-Қарабахқа үлкен автономия беруге дайындығын, бірақ тәуелсіздікке жол берілмейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG