Accessibility links

Рафсанжани елдегі дағдарысты жоғары діндарлармен талқылауда


Жексенбі күні Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани елдегі саяси дағдарысты Машад қаласында жоғары деңгейлі діни өкілдермен талқылауда.

Рафсанжани бұл келіссөздер туралы ақпарат өкілдеріне елдің солтүстік-шығысындағы Машад әуежайына ұшып барған кезінде айтқан.

Рафсанжанидің жұма күнгі Теһрандағы сөзі Иранның саяси ортасында даудың шығуына себеп болды. Ол ешқандайда исламдық жетекшілік жан-жақты келісімсіз құрыла алмайды деген.

Мұны консерватив діндарлар елдің саяси жүйесіне сын ретінде қабылдап жатты. Олар Рафсанжаниді жұма намазда Мир Хоссейн Мусави бастаған оппозицияға қолдау танытты деп айыптады.
XS
SM
MD
LG