Accessibility links

Ауғанстанда жолаушылар тікұшағы құлап, 16 адам қаза болды


Ауғанстанда Ресейде жасалынған МИ-8 жолаушылар тасымалдайтын тікұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты. Тікұшақта барлығы 17 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған.

Жараланғандар ауруханаға жеткізілді деп хабарланды.

Вертикаль әуекомпаниясының тікұшағы Қандағар әуе алаңынан көтеріле бергенде құлаған. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG