Accessibility links

Ингушетияда қарулы топ полиция басшысының үйіне шабуылдады


Ресейдің Ингушетия аймағында жергілікті полиция басшысы Тимур Екажевтің үйіне берулер шабуылдап, атыс кезінде оның әпкесі қаза тауып, қалған отбасы мүшелері жараланды.

Елдің ішкі істер министрлігі хабарлағандай, қаруланған төрт адам сенбі күні түнде Назран қаласындағы полиция басшысының үйін қоршап алып, автоматтан оқ жаудырған.

Полиция басшысы Тимур Екажев пен оның отбасындағы төрт адам жеңіл жарақат алды.

Шешенстанмен шекаралас Ингушетия аймағында соңғы кезде ресми адамдарға шабуыл көбейіп кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG