Accessibility links

Израиль АҚШ-тың ұсынысын қабылдамады


Израиль Құрама Штаттардың Иерусалимдегі құрылыс жобаларын тоқтатуға шақырған өтінішін қабылдамады.

Ол жоба бойынша Израиль 1967 жылы басып алған Иерусалимнің Араб аймағында 20 пәтер салынбақшы.

Израилдік ақпарат көздерінің жазуынша, өткен аптада АҚШ ресмилері Израиль елшісіне бұл жобаны тоқтату туралы айтқан.

Бірақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ол ұсыныстан бас тартып, “Біз еврей халқы Иерусалимнің кез келген жерінен үй сатып алып, тұра алмайтын ұсынысты қабылдай алмаймыз” деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG