Accessibility links

«Guardian» газеті ҚР президенті туралы мақала жариялады


Британдық «Guardian» газетінде Питер Престонның «How Nursultan became the most loved man on Earth» — «Нұрсұлтан Жер бетіндегі сүйікті адамға қалай айналды» атты мақаласы басылды.

Аутор мақаласында Джонатан Айткеннің ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 23 сағаттық жеке әңгімелесуінің нәтижесінде жазылған «Назарбаев және Қазақстанның құрылуы: коммунизмнен капитализмге» деп аталатын кітабына рецензия берген.

Қазір Ұлыбританияда 20 фунт стерлингтен сатылып жатқан бұл кітап шілде айының 10-ы күні Continuum баспасынан жарық көрген.

Кітап ауторы Джонатан Айткен әлемдік сахнада Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаевтың пайда болуын түсіндіру үшін елдің түрлі саладағы жетістіктерін сараптаған.

Джонатан Айткен – Ұлыбритания парламенті мен министрлер кабинетінің бұрынғы мүшесі, тоғыз кітаптың ауторы. Бірақ ол 1999 жылы сотта жалған куәлік бергені үшін 18 айға түрмеге жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG