Accessibility links

«Қазақстандағы Қытай банкі» қызметкерінің пәтері тоналды


Алматыдағы Алмалы ауданында кезекті рет пәтер тоналды. 19 шілде күні тіркелген бұл қылмыс «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ басқарма төрағасы кеңесшісінің үйінде жасалған.

Банк қызметкерінің Жамбыл көшесінде орналасқан үйіне өзі жоқта кірген ұрылар 2 мың фунт стерлинг, 1 мың еуро, жиырма шақты коллекциялық алтын, күміс тиындары бар сейфті алып кеткен, шығынның жалпы сомасы - 850 мың теңге.

Қылмысты ашып, ұрыларды ұстау үшін құрылған жедел арнаулы топ өкілдері осы дерек бойынша жұмысқа кірісті.
XS
SM
MD
LG