Accessibility links

Х.Клинтон Делиде маңызды келісімге келуге тиіс


Үндістанда сапарда жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонның үнді еліне қару-жарақтың жаңа үлгілерін сатуға мүмкіндік беретін маңызды келісімге дүйсенбі күні қол қоюға үміттенеді. Келісімге Үндістанның сыртқы қатынастар бойынша министрі С.М.Кришнамен (S.M. Krishna) және үнді премьер-министрі Манмохан Синхпен (Manmohan Singh) ресми кездесуі кезінде келуге тиіс.
Оның алдында Хиллари ханым Дели университетінде дәріс оқыды. Өз сөзінде ол терроризмге және экстремизмге қарсы ғаламдық күресті қолдау өзінің және АҚШ-тың миссиясының құрамдас бөлігі болып табылатынын мәлімдеді. (Клинтон - NC072008)
Синхпен және Кришнамен арадағы ресми кездесулерінен басқа Хиллари Клинтон билік басындағы Ұлттық конгресс партиясының лидері Сония Гандиге және оппозициядағы Бхаратия Джаната (Bharatiya Janata) партиясының көсемі Адваниге жолығуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG