Accessibility links

АҚШ әскер қатарын көбейтпек


АҚШ үкіметі американдық қарулы күштердің санын 22 мың адамға көбейтуге шешім шығарды, — деп хабарлады Қорғаныс министрі Роберт Гейтс.

Р.Гейтстің айтуынша, әскер қатарын көбейтуге Ирақ пен Ауғанстандағы әскери операциялардың жалғасуы, сондай-ақ Пәкістандағы саяси жағдайдың ушығуы себеп болып отыр. Америка бұл шараны құрлықтағы әскердің есебінен жүргізбек.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың 31-мамырында американдық әскердің жалпы саны 1 млн 455 мың 387 адамды құраған.
XS
SM
MD
LG