Accessibility links

Мұхтар Жәкішев: Татьяна Квятковскаяны сотқа бер деп Данияр Қанафинге хат жаздым


«Время» газеті екі айдан бері Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында жатқан «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің басылым тілшісіне берген сұхбатын жариялады.

«Мені ақпарат алуға мүмкіндіктің жоқтығы қиналтып отыр, отбасым жалдаған адвокаттардың қылмыстық іске қатыстырылмағаны да ойлантады. Тергеуде қорғаушы ретінде Берік Имашевті шақырғым келгенін жазған едім, оған жауап берілген жоқ. 3-шілде күні маған жала жапқан Татьяна Квятковскаяны сотқа бер деп Данияр Қанафинге хат жазып едім, оның да не болып жатқанынан хабарсызбын. Егер сот әділ өтетін болса, менің еш алаңдарым жоқ», — деген Мұхтар Жәкішев сұхбатында.

Сондай-ақ Мұхтар Жәкішев қан қысымының 180, кейде 210 көрсеткішіне дейін көтеріліп кететінін, оған қарсы дәрі ішіп жатқанын хабарлапты. Ал әйелінен неліктен 45 размерлі аяқкиім сұратқанына қатысты сұраққа оны қасындағы көршісіне алдырғанын айтқан.

Сұхбаттың толық нұсқасы мен ҰҚК полковнигі Радик Валеевтің түсініктемесі «Время» газетінің 23-шілде күнгі санында жарық көреді.
XS
SM
MD
LG