Accessibility links

Үкімет басшысы экономикалық дамудың екі сценарийін жасауды тапсырды


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2009 жылдың тамыз айында мұнай бағасының 40 долларға дейін құлдырауын ескере отырып, экономиканы дамытудың екі сценарийін жасауды тапсырды.

«Ай бойы бұл мәселені қарастырып, экономикалық саясат жөніндегі кеңеске шығарып, содан кейін үкімет отырысына әлемдік экономиканы дамытудың екі сценарийін жасау керек, сонда біз жағдайдың қалай дамуына да дайын боламыз», — деп тапсырды Кәрім Мәсімов Бақыт Сұлтановқа.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG