Accessibility links

Жалған доллар жасаған екі студент сотқа дейін босатылды


АҚШ-та жалған ақша жасаумен ұсталған қазақстандық екі студенттің әрқайсысынан 500 доллар кепілдік алынып, олар сотқа дейін босатылды, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Екі студенттің бірі Александр Кустовскийдің анасының айтуынша, кезекті сот тыңдауының уақыты белгісіз.

АҚШ-қа жаздық Work and Travel бағдарламасымен барған 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовский Массачусетс штатының Чатема қаласындағы өздері жалға алып отырған пәтерлерінде ұсталған, тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған.

АҚШ заңы бойынша оларға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG