Accessibility links

Ресей мен Қытай бірлескен жаттығуларын өткізеді


Қытайлық ақпарат құралдары хабарлап жатқандай, Қытай мен Ресей терроризммен күрес және этникалық жікшілдікке қарсы бірлескен әскери жаттығуларын бастайды.

Бес күнге созылатын оқу-жаттығу ойындары Бейбітшілік миссиясы деп аталады. Оған өте көп әскери техникалар мен әуе ұшақтары тартылған.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы провинцияда өтетін бұл жаттығуларға әр елден 1300 жасақ қатысады.

Қытай 197 адамның өліміне әкелген Шыңжаң провинциясының астанасы Үрімжіде шілденің 5-де орын алған қанды қақтығыс үшін сепаратистік күштерді айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG