Accessibility links

Бунер мен Дир аймағында 50-ден аса содыр өлтірілді


Пәкістан ресмилерінің хабарлауынша, үкіметтік күштер екі күндің ішінде 50-ден аса содырды өлтірді. Жексенбі-дүйсенбі күнгі операциялар елдің солтүстік-шығысындағы бүлікшілерді нысанаға алған. Бұл қақтығыста тағы пәкістандық 3 сарбаз қаза тапты.

Үкімет күштері сәуір айында Суат жазығын торуылға алардан бұрын Бунер мен төменгі Дир ауданындағы талибан күштеріне қарсы операция жүргізген.

Бұл аймақтағы қарулы қақтығыстардан 2 млн адам бас сауғалап, босып кетті. Соңғы аптада ғана үкімет адамдарды Бунер мен Суат жазығы аймақтарына қайта орналастырды.
XS
SM
MD
LG