Accessibility links

Жаңа үкіметтің келуін талап еткендер президенттің атына петиция жолдады


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін ипотекалық несие алғандар, үлескерлер мен Алматыдағы «Ырысты» вагон жөндеу зауытының жұмысшылары Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған петицияны табыс етпекке қалалық әкімшілік ғимаратының алдына жиналды.

«Қазақстан – 2012» үйлестіруші қозғалыс кеңесінің атынан жазылған петицияда ипотекаға несие алғандар мен үлескерлер осы уақытқа дейін қабылданған шешімдердің пайда әкелмегенін хабарлап, халықтың сеніміне ие болатын жаңа үкіметің келуін талап етті.

Ал «Ырысты» зауытының жұмысшылары 2006 жылы жекешелендірілуге өткен зауыттың мемлекетке қайтарылуын сұрады. Жиналған жұрт алдына қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов шықты. Ол петицияны қабылдадық, қажетті жерлерге тапсырамыз деп мәлімдеді.

«Қазақстан – 2012» үйлестіруші қозғалыс кеңесі төрағаларының бірі Айнұр Құрмановтың айтуынша, жиын алдына қойған мақсатына жетті, петиция тапсырылды. Бірақ бұл тек алдын ала қабылданған шара, күз бен қысқа жоспарланып отырған қарсылық шараларының алдындағы дайындық.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG