Accessibility links

Мұхтар Жәкішевтің әйелі күйеуін қорғау үшін бірлестік құрмақ


Мұхтар Жәкішевті әйелі қоғамдық бірлестік құрып қорғамақшы. Бұл туралы Жәмила Жәкішева бүгін БАҚ өкілдеріне арнап өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, баспасөз жиынында Жәкішева өткен аптада Вена мен Лондонда болған сапарының мән-жайысын баяндап берген. Еуропаның баспасөз өкілдеріне ол Қазақстанда «Қазатомпром» ісінің көптеген заң бұзушылықтармен жүргізіліп жатқандығы жайында сұхбат берген.

Шілденің 21-інде мемлекеттің мүлкін талан-таражға салды деген күдікпен абақтыға қамалған Мұхтар Жәкішев «Время» газетіне берген сұхбатында өз атына орынсыз айыптаулар айтқаны үшін Татьяна Квятковскаяны сотқа беретінін хабарлаған болатын.

Ал Татьяна Квятковская өз кезегінде қамауда отырған азаматтың біреуді қалай сотқа беретініне түсінбейтінін айтқан.

Жәмила Жәкішева "Время" газетіндегі күйеуінің берген сұхбатына байланысты: «бұл ҰҚК -ның менің шет елге шығуымның арқасында ол жақтағы пайда болған қоғамдық пікірге білдірген қарсы жауабы. Менің ойымша шетелдік құқыққорғаушылар мен депутаттардың білдірген пікірлері оларды (Ұлттық қауіпсіздік комитетін) осындай сұхбат ұйымдастыруға мәжбүр етті" - деген пікірін білдірді.

Осыған орай Ж.Жәкішева ҰҚК өкілдерінен күйеуіне адвокаттарды жіберуді, отбасымен кездесуді, сондай-ақ «Қазатомпром» ісінің неге құпия екендігін түсіндіруді сұрап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG