Accessibility links

Ресей мен Қытай бірлескен жаттығуларын бастады


Бүгін Қытай мен Ресей терроризммен күрес және этникалық жікшілдікке қарсы бірлескен әскери жаттығуларын Хабаровскіде бастады.

Бес күнге созылатын оқу-жаттығу ойындары “Бейбітшілік миссиясы-2009” деп аталады. Оған 40-тан аса әскери техника мен әуе ұшақтары тартылған.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы провинцияда жалғасатын бұл жаттығуларға әр елден 1300 жасақ қатысады.

Бұл жаттығулар алдында Қытай 200-дей адамның өліміне әкелген Шыңжаң провинциясының астанасы Үрімжіде шілденің 5-де орын алған қанды қақтығыс үшін сепаратистік күштерді айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG